"5-10-20" бағдарламасы бойынша нақты кімдер баспана ала алатыны айтылды

"5-10-20" бағдарламасы бойынша нақты кімдер баспана ала алатыны айтылды

Бұл туралы ол Орталық коммуникациялық қызметі алаңында айтты. Атамкұловтың сөзінше, аталған бағдарлама бойынша тек әкімдіктерде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады. 

"Бүгінде олардың саны - 530 мың. Бұл жерде негізгі фактор - отбасының табысы. Яғни, ол отбасы әрбір мүшесіне шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш шамасынан аспауы қажет. Кезекте тұрған азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 390 миллиард теңге бөлінді. Оның 180 миллиарды несие арқылы беріледі, ал 210 миллиарды 5-10-20 бағдарламасы бойынша кезекте тұрған азаматтарға алғашқы 10 пайыз жарнасымен "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы беріледі", - дейді министр. 

"5-10-20". Баспананы кім және қалай алады?

Еске салайық, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мамырда өткен мемлекеттік комиссияның отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықты үймен қамтамасыз ету үшін "5-10-20" несиелік бағдарламасын бастайтынын жариялаған болатын. 

Источник: tengrinews.kz